{metadescription}
2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» Үкімет қаулысының жобасы жарияланды.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес әзірленген Үкімет қаулысының жобасына орай 2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады. Әскери қызметке шақырылған азаматтар 24 ай бойы Қарулы күштерде, ҰҚК Шекара қызметінде, ІІМ Ұлттық ұланында және Төтенше жағдайлар министрлігінде офицерлік құрам лауазымдарында қызмет атқарады.

Запастағы офицерлерді шақыру әскери дайындалған резервті жинақтау және офицерлер құрамының бос лауазымдарын толықтыру мақсатында жүзеге асырылады.

Қаулы жобасы 16 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде