{metadescription}
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,35 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 482, 86 теңге.

Ұлттық банктің 3 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 483, 23 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,12 теңге.

Еуро – 534, 74.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 484,1 теңге. Еуро 532,5 – 536,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 481 теңге, сатып алу құны – 485 теңге. Еуро 531 теңгеден сатылып, 537 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,05 – 5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде