Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюы видеоға түсіп қалды
Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы ғылыми-зерттеу жүргізу мақсатында құрылған фототұзаққа Тянь-Шань қоңыр аюы түсіп қалды.
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі
18:57 03.10.2024
Тянь-Шань қоңыр аюы халықаралық және Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Ол сүтқоректілер класына жатады және қорықта теңіз деңгейінен 1 500 - 3 500 метр биіктікте кездеседі.
Аю денесінің ұзындығы 1,5 - 2,2 метр аралығында, ал салмағы 135 - 200 келіге дейін жетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!