{metadescription}
Президент бірнеше заңға қол қойды

Президент бірнеше заңға қол қойды

Бүгін, 3 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде