Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтардан сақ болуға шақырды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтарға сенбеу керегін ескертті.
Фото: stopfake.kz
20:09 03.10.2024
Бұл туралы агенттіктің баспсөз қызметі мәлім етті.
«Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап, халыққа жолдап жатыр. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұрайтынын жазған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!