{metadescription}
СҚО-да биыл 4 адамға кене энцефалиті диагнозы қойылды

СҚО-да биыл 4 адамға кене энцефалиті диагнозы қойылды

Солтүстік Қазақстан облысында кейінгі аптада кене шаққан 12 адам дәрігерге қаралды. Күн суытқанымен қансорғыштан келер қауіп әлі де сейілген жоқ. 

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуірдің бірінен өңірде кене шағудың 643 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі – 28%. Тек кейінгі екі аптада 32 адам қансорғыштардан зардап шекті, деп жазады kazinform.

«Биыл 4 адамға кене энцефалиті және тағы соншасына лайм-боррелиоз диагнозы қойылды. Кене энцефалиті – орталық нерв жүйесін зақымдайтын жедел инфекциялық ауру. Оның ағзаға әсері әртүрлі. Кейбірі толық тәуір болып кетсе, енді бірі бұл инфекциядан кейін мүгедек немесе қайтыс болуы да мүмкін. Ауру иксод кенелердің сору арқылы беріледі.

Боррелиоз – бұл да кенелер тасымалдайтын бактериялық инфекция. Оны Лайм боррелиозы немесе Лайм ауруы деп те атайды. Аурудың белгілері, ауырлық дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін және негізінен теріге әсер етеді, сондай-ақ жүйке жүйесіне, буындарға және жүрекке де әсер етуі мүмкін. Боррелиоздың алғашқы белгілері суық тию белгілеріне ұқсайды – жөтел, мұрыннан су ағу, бас ауруы, әлсіздік пайда болады. Сондықтан көпшілік медициналық көмекке жүгінбейді. Уақытылы емдеу болмаған жағдайда Лайм ауруы миды, жүректі, буындарды зақымдауы мүмкін», - дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов. 

СҚО-да Айыртау ауданы эндемиялық аудан болып есептеледі. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша осы ауданда сәуір-қыркүйек айларында дезинсекциялық шаралар жүргізілді. 

«Алдын алу үшін жылда кене энцефалитінің табиғи ошағында жұмыс істейтіндерге вакцинация жүргізіледі. Вакцинаны тұрғылықты мекен жай бойынша тіркелген емханада алуға болады. Бірақ екпе алмас бұрын дәрігерге көріну қажет», - дейді Арман Күшбасов.

Бұған дейін СҚО-да 140 мың адам түрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрғанын жазған едік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде