{metadescription}
Астана әуежайында автотұрақ қымбаттайды

Астана әуежайында автотұрақ қымбаттайды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы нысан аумағындағы ақылы автотұраққа көлік қаңтару құны артатынын ескертті, деп жазады kazinform.

«Тұрақ аймағының, жабық паркингінің, әуежайдың экспресс желісі мен бірінші жолағының инфрақұрылымын жақсарту және жолаушыларға қызмет көрсетуді тиісті деңгейде ұстау үшін, сондай-ақ объектіні ұстауға жұмсалатын шығыстардың ұлғаюына, оның ішінде 2024 жылға арналған коммуналдық қызметтердің тарифтері ұлғаюына және инфляцияның өсуіне байланысты, Сіздерді 2024 жылғы 15 қазаннан бастап қызмет көрсетуші компания «Smart Parking Technologies» ЖШС-ның қосымшада көрсетілген бағаларға сәйкес тұрақ орнын жалға беру қызметі үшін тарифтік жоспары өзгергені туралы хабардар етеміз», - деп жазылған әуежайдың әлеуметтік желіге жарияланған хабарламасында. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде