Бүгін еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысында күн жауынды болады
Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 5 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Фото: Pixabay.com
09:06 05.10.2024
ҚР көп бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағаймен жаңбыр жауады, таңертең және түстен кейін оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.
Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшеюі күтіледі, түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман болады.
Қарағанды, Абай облыстарында, Ақтөбеоблысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан,Маңғыстау облыстарыныңсолтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, орталығында, шөлді аудандарда, Қостанайоблысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Шығыс Қазақстаноблысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!