СҚО-да мектеп оқушысы сыныптасына пышақ сұғып алды
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында мектеп оқушысы сыныптасына пышақ сұғып алды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Фото: Pexels
17:57 04.10.2024
СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін Тимирязев аудандық ауруханасына пышақ жарақатымен 2009 жылғы жасөспірім түсті.
«Оң жақ иығынан жарақат алған. Қазір аудандық ауруханада жатыр. Жарасын тікті. Қазір жағдайы тұрақты», - деді баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім еткендей, осы қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін ата-анасының кепілгерлігімен босатылды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
«Құқық бұзушының жасын ескере отырып, полиция қызметкерлері ата-анасын бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жасөспірім профилактикалық есепке алынады. Сондай-ақ, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!