{metadescription}
Белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаева дүниеден озды

Белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаева дүниеден озды

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, әнші Гүлнар Сиқымбаева дүниеден озды.

Бұл хабарды журналист Оралхан Дәуіт желідегі парақшасында жариялаған. Оның айтуынша, 6 қазанда өнер иесінің жаназасы оқылады.

"Қайран, Гүлнар әпке... Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз. Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді, міне, аяқастынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз... АллаТағалам о дүниеңізді берсін. Ағайын, бүгін белгілі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаева қайтыс болды", – делінген Оралхан Дәуіттің парақшасында.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде