{metadescription}
Қазақстандықтардың 17,79 пайызы референдумда дауыс берді

Қазақстандықтардың 17,79 пайызы референдумда дауыс берді

Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман сағат 10.00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың референдумға қатысу белсенділігі туралы мәлімет берді. 

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақыты бойынша сағат 10.00-дегі жағдайы бойынша азаматтардың келуі мынаны құрады:

Абай облысы бойынша – 15,36 пайыз, Ақмола облысы бойынша – 17,18 пайыз, Ақтөбе облысы бойынша – 19,21 пайыз, Алматы облысы бойынша – 16,31 пайыз, Атырау облысы бойынша – 17,11 пайыз, БҚО бойынша – 16,43 пайыз, Жамбыл облысы бойынша – 16,19 пайыз, Жетісу облысы бойынша – 18,08 пайыз, Қарағанды облысы бойныша – 30,63 пайыз, Қостанай облысы бойынша – 16,9 пайыз, Қызылорда облысы бойынша – 20,91 пайыз, Маңғыстау облысы бойынша – 16,45 пайыз, Павлодар облысы бойынша – 14,04 пайыз, СҚО бойынша – 15,83 пайыз, Түркістан облысы бойынша – 18,56 пайыз, Ұлытау облысы бойынша – 17,4 пайыз, ШҚО бойынша – 17,85 пайыз, Астана қаласы бойынша – 24,8 пайыз, Алматы қаласы бойынша – 8,66 пайыз, Шымкент қаласы бойынша – 19,56 пайыз.

Жалпы сағат 10.00-дегі жағдайы бойынша республиканың 2 млн 178 мың 593 азаматы бюллетенді алған болатын. Ол тізімге енген азаматтардың 17,79 пайызын құрап отыр», - деді Мұхтар Ерман.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде