{metadescription}
Референдумда дауыс бергендердің саны 4,8 млн адамға жетті

Референдумда дауыс бергендердің саны 4,8 млн адамға жетті

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шафхат Өтемісов сағат 12.00-дегі жағдай бойынша неше қазақстандық референдумда дауыс бергенін айтты.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 39,23 %-ы бюллетень алды», - деді ол.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 42,22 %
2. Ақмола облысы бойынша – 45,48%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 44,87 %
4. Алматы облысы бойынша – 41,76 %
5. Атырау облысы бойынша – 43,94 %
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 36,67 %
7. Жамбыл облысы бойынша – 34,27 %
8. Жетісу облысы бойынша – 37,35 %
9. Қарағанды облысы бойынша – 46,89 %
10. Қостанай облысы бойынша – 44,04 %
11. Қызылорда облысы бойынша – 37,63 %
12. Маңғыстау облысы бойынша – 38,5 %
13. Павлодар облысы бойынша – 36,54%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 39,85%
15. Түркістан облысы бойынша – 44,52 %
16. Ұлытау облысы бойынша 43,31 %
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 37,63 %
18. Астана қаласы бойынша – 41,93%
19. Алматы қаласы бойынша – 11,88 %
20. Шымкент қаласы бойынша – 57,03 %

Фото: Орталық референдум комиссиясы

Шафхат Өтемісовтің сөзінше, сағат 12.00-дегі жағдай бойныша 4 804 102 азамат бюллетень алған. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 39,23 пайызы деген сөз.

Ал азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 358 учаскеде дауыс беру аяқталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде