Бірінші exit poll нәтижесі: референдумда халықтың 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады
Exit poll нәтижесінде қазақстандықтардың 69,8 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді.
00:15 07.10.2024
Бұған дейін барлық референдум учаскесінде дауыс беру аяқталғанын жазған болатынбыз. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.
«Қазақстан Республикасындағы барлық референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды. Учаскелік комиссия дауыстарды санауға кірісті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, референдум учаскелеріндегі дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен 12 сағаттан аспауы тиіс. Аумақтық комиссиялар ертең таңертең Орталық референдум комиссиясын байланыстың электронды арналары арқылы дауыс берудің алдын ала қорытындысы мен санақ нәтижесін хабарлайды», - деді Константин Петров.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!