{metadescription}
Ақтөбеде скутер мінген 18 және 20 жастағы жігіт жол апатынан көз жұмды

Ақтөбеде скутер мінген 18 және 20 жастағы жігіт жол апатынан көз жұмды

Ақтөбеде скутер жүргізушісі жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соқтығысты.

Жол апатынан 18 және 20 жастағы екі жігіт көз жұмды. 

Оқиға ​5 қазан күні сағат 4:45-те Ақтөбе қаласы Ряхов көшесінде болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, скутердің 18 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған КамАЗ жүк көлігіне соқтығысқан.

– Жол-көлік оқиғасынан скутер жүргізушісі мен 20 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция департаменті екі доңғалақты көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде