{metadescription}
Қарағанды облысында өрт кезінде ТЖД қызметкері қаза тапты

Қарағанды облысында өрт кезінде ТЖД қызметкері қаза тапты

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дала өрті кезінде 24-ӨСБ азаматтық қорғау сержанты Хали Хайрат қаза тапты, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің тілшісі.

1991 жылы туған Хали Хайрат 2014 жылдың 12 мамырынан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен. Саран қаласының тұрғыны, жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігімен ерекшеленген.

Қаза тапқан өрт сөндірушінің туыстарына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Саран қаласының әкімі Еркін Бауылықов барып, көңіл айтты. 

Марқұмның отбасына жерлеу іс-шараларын өткізуге барлық қажетті көмек ұйымдастырылды. Үйде фельдшерлік және психологиялық қызметтер кезекшілік етеді. Отбасын қолдау бойынша барлық қажетті шара Қарағанды облысы әкімдігінің тұрақты бақылауында болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде