{metadescription}
Қарағанды облысында екі шахтердің қаза болу фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облысында екі шахтердің қаза болу фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облысында «Саяқ-3» шахтасының екі қызметкерінің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, еңбек инспекциясы арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды Кazinform.

Қарағанды облысының полиция департаменті «Саяқ-3» шахтасы қызметкерлерінің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Саяқ-3» шахтасында болған оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277 бабының 2 тармағына сәйкес, яғни абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша кешенді тергеу әрекеттерін жүргізуде», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, қайғылы оқиғаның мән-жайын зерттейтін комиссия құрылды.

«Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы шеңберінде ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау өкілінің, сондай-ақ жұмыс берушінің өкілдерінің қатысуымен „Балқашцветмет“ ӨБ „Қазақмыс корпорациясы“ ЖШС (Саяқ кеніші) қызметкерлерімен болған топтық жазатайым оқиғаға арнайы тергеу жүргізу үшін жазатайым оқиғаны тергеу жөнінде комиссия құрды», — деп түсіндірді еңбек инспекциясы департаментінің баспасөз қызметі.

Арнайы тергеу жұмыстары арқылы аталмыш жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептері анықталатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде