{metadescription}
Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында екі қызметкер қаза тапты

Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында екі қызметкер қаза тапты

Оқиға туралы «Қазақмыс» баспасөз қызметі хабарлады. Кеншілер көміртегі газынан уланып, қаза тапты, деп хабарлайды Кazinform.

Кеше Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында жазатайым оқиға болды. Шахтада көміртегі газы атылды. 

«Барлық қызметкерлерді жедел эвакуациялау жүргізілді. Зардап шеккендер жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке орай, екі қызметкер қайтыс болды», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ, компания қазс тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде