{metadescription}
Алматыда есірткі жарнамасын үй қасбеттеріне салған күдікті ұсталды

Алматыда есірткі жарнамасын үй қасбеттеріне салған күдікті ұсталды

Алматыда есірткіні жарнамалаған 33 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол Бөгенбай батыр мен Чокин көшелерінің қиылысындағы ғимараттың қасбеттеріне есірткі жарнамасын салған. 

Алматы қаласы полициясының мәліметіне сәйкес, күдікті бұрын есірткі қылмысы үшін сотты болған.

«Кешке қарай қаскөй есірткі жазуы бар трафаретпен және басқа да «көркем» құрал-жабдықтармен қаруланып, үйлердің ауласына қарай бет алды. Оның қасында серігі болды. Осылайша жастар өздеріне назар аудартпаймыз деп ойлады. Алайда, олар ұсталды. Қыздың рөлі тергеу барысында анықталатын болады. Күдікті қамауға алынды. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аналогтарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Алмалы аудандық полиция Басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Пшан. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде