{metadescription}
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Берік Қуанышұлы Танжарықов Қостанай облысы әкімінің құрылыс, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 

Берік Қуанышұлы 1990 жылы Қостанай облысы Меңдіқара ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін құрылыс мамандығы бойынша аяқтаған. 

Еңбек жолын 2011 жылы Астана қаласындағы «Fire Safety Engineering» ЖШС құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған.

2012 жылдың қазан айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласында «Dondil Construction CO.LTD» ЖШС инженері болып жұмыс істейді.

2014 жылғы мамырдан 2015 жылғы шілдеге дейін Астана қаласында «Astana Metal Construction» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарады.

2014 жылдың қазанынан 2015 жылдың қаңтарына дейін Астана қаласында «Аманат строй» ЖШС құрылыс учаскесінің шебері болып жұмыс істейді.

2015 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың шілдесіне дейін Астана қаласында «Аманат строй» ЖШС-де прораб болып жұмыс істейді.

2015 жылдың тамызынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін Қостанай облысы әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары қызметін атқарған.

2018 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы қазанға дейін Қостанай облысы әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып жұмыс істейді

2019 жылдың қазанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімі қызметін атқарды.

Берік Қуанышұлы жұмыс барысында өзін тәжірибелі, ұйымдастырушылық қабілеті мол, алға қойған мақсаттарына қол жеткізуде табанды, сауатты басшы ретінде көрсете білді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде