{metadescription}
Талдықорғанда полиция көлігі жол апатына ұшырады

Талдықорғанда полиция көлігі жол апатына ұшырады

Талдықорғанда патрульдік полиция көлігі жол апатына ұшырады.

Әлеуметтік желіде пайда болған кадрлардан полиция көлігінің жеке үйдің қоршауына соғылғанын көруге болады. Жетісу облыстық Полиция департаменті аталған жағдайға қатысты түсінік берді.

«102» нөміріне пышақ жарақатын алған адам туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу полиция экипажы жіберілді. Арнайы дыбыстық дабылы мен жарықтары қосылған полиция көлігі Алдабергенов пен Уәлиханов көшелері қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқанда, қызметтік көлікке жол бермеген «Chevrolet Niva» машинасымен соқтығысты», - деп хабарлады полициядан.

Зардап шеккендер жоқ.

Жол апатының себебін анықтау үшін қызметтік тергеу басталды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде