{metadescription}
Елордада үстел теннисінен Азия біріншілігі басталды

Елордада үстел теннисінен Азия біріншілігі басталды

Бүгін Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған турнирде 26 елден келген 210 спортшы бақ сынайды. 

Чемпионатта отандық команда құрамында келесі спортшылар қатысады:

– Кирилл Герасименко;

– Алан Құрманғалиев;

– Искандер Харки;

– Айдос Кенжеғұлов;

– Санжар Жұбанов;

– Сарвиноз Миркадирова;

– Зауреш Акашева;

– Анастасия Лаврова;

– Анель Бақыт;

– Ангелина Романовская.

Жүлделер ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сын, командалық, сонымен бірге жұптық және аралас сындар бойынша таласқа салынбақ.

Жарыс BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында өтіп жатыр. Көрермендер үшін кіру тегін. Чемпионатты тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. Жарыстар күнделікті таңғы сағат 10:00-де басталады. Чемпионат 13 қазан күні аяқталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде