{metadescription}
Ресейдің Астрахань облысымен шекарадағы қамыс өртінің иісі Атырауға жетті

Ресейдің Астрахань облысымен шекарадағы қамыс өртінің иісі Атырауға жетті

Атырау облысы Ресейдің Астрахань облысымен шекарада қамыс жанып жатыр. Бүгін таңертең Атырау қаласында түтін иісі сезілді.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, таңғы сағат 4:00 шамасында өрттің ошағын іздеу басталған. 

Ал, Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Астрахань облыстық басқармасы Атырау облысындағы Құрманғазы ауданымен шекарада құрғақ қамыстың жанғанын хабарлады. Қамыс өрті 3 күннен бері жанып жатыр. 

«Түтіннің иісі Астрахан облысының Володар, Нариманов, Краснояр, Лиманский, Камызяк, Приволжский және Иркянский аудандарында сезіліп тұр», - деп хабарлады Астрахань облысының құтқарушылары.

Ресейдегі БАҚ өкілдері Қазақстан тарапынан өрт болуы мүмкін екенін хабарланбағанын жазып жатыр. 

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде