{metadescription}
Атырауда жер телімін заңсыз иеленгендерге 4,2 млн теңге айыппұл салынды

Атырауда жер телімін заңсыз иеленгендерге 4,2 млн теңге айыппұл салынды

Атырау қаласында 26 жеке және заңды тұлғаның жер телімін заңсыз иеленгені анықталып отыр. Сол үшін оларға айыппұл салынды.

Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 26 жеке және заңды тұлғаға қатысты мемлекет иелегіндегі жерді заңсыз иеленгені үшін әкімшілік іс қозғады.

«Заңсыз иеленген жер учаскелерінің аумағы 3,8 гектарды құрады. Осыған байланысты 4,2 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Мәселен, бір жыл бұрын «Ш» шаруа қожалығына 60 гектар жер учаскесін мақсатты пайдалануға сәйкес игеру қажеттігі туралы тапсырма берілген болатын. Сол тапсырма орындалмағандықтан, департаменттің сотқа жер учаскесін міндетті түрде тартып алу туралы талап-арызы берілді. Бұл ҚР Жер кодексінің 94-бабына сәйкес қанағаттандырылды», - деп хабарлады комитеттен.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде