Қор нарығында доллар қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қортындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
17:06 07.10.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 2,28 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 484,37 теңге.
Ұлттық банктің 7 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 481,84 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,07 теңге.
Еуро – 531,33.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 483,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 484,8 теңге. Еуро 531 — 534 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 482 теңге, сатып алу құны – 486 теңге.
Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 4,98 – 5,08 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!