{metadescription}
Африкада mpoх вирусына күдікті 35 мыңнан астам жағдай анықталды

Африкада mpoх вирусына күдікті 35 мыңнан астам жағдай анықталды

Африкада 2024 жылдың 1 қаңтары мен 29 қыркүйегі аралығында mpox (маймыл шешегінің жаңа атауы) вирусын жұқтырудың 35 мыңнан астам күдікті жағдайы және осы аурудан болуы мүмкін мыңға жуық өлім жағдайы анықталды, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) хабарлауынша, жыл басынан бері Африкадан mpox вирусын жұқтырудың 35 525 күдікті жағдайы тіркелген, соның ішінде 996 адам қайтыс болды, деп хабарлады ДДҰ ақпараттық бюллетенінде. 23-29 қыркүйек аралығындағы бір аптада инфекция жұқтырғандар саны 4098-ге, ал қайтыс болғандар саны 156 адамға өсті.

Жыл басынан бері дәрігерлер Конго Демократиялық Республикасында (КДР) маймыл шешегіне шалдықан 30,766 және одан қайтыс болған 990 жағдайын анықтады. Екінші орында Бурунди тұр, онда жыл басынан бері 1368 адам маймыл шешегі вирусын жұқтырды деген күдікке ілінді. Бұл елде өлім-жітім тіркелген жоқ.

Mpox вирусына байланысты дүниежүзілік денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай бастапқыда 2022 жылдың шілдесінен 2023 жылдың 11 мамырына дейін күшінде болды. Ауруға шалдығу жағдайларының азаюына байланысты ол тоқтатылды, бірақ биылғы жылдың 14 тамызында ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Африкадағы аурудың өршуіне байланысты тағы да төтенше жағдай жариялады.

Mpox – негізінен тропикалық ормандарға жақын орталық және батыс Африканың шалғай аудандарында пайда болатын вирустық ауру. Бұл ауруды жануардан адамға жұқтырудың алғашқы оқиғасы 1970 жылы Конго Демократиялық Республикасында тіркелген.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.