{metadescription}
Таразда әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

Таразда әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

Өткен қыста Тараз қаласында қатты аяздың салдарынан газ тарату құрылғылары қатып қалып, нәтижесінде тұрғын үйлерге көгілдір газ, жылу беру мәселесінде үлкен проблема туындаған болатын.

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков биылғы жылыту маусымына дайындық барысын пысықтаған жиында өткен жылғы кемшіліктерді мойындап, бұл сабақ болу керек екенін айтты.

– Былтырғы жылыту кезеңінде бірқатар кемшілікке жол берілгені жасырын емес. Енді биыл содан сабақ алып, жылыту маусымына мұқият қарауға тиіспіз. Бұл тұрғыда бар жауапкершілік ең әуелі сала басшыларына жүктелген. Сондықтан бірінші кезекте денсаулық сақтау, білім беру, тағы басқа әлеуметтік нысандар жылумен толығымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ «Қазгидромет» мекемесінің ресми ауа райы болжамы ұдайы назарда болуы қажет, - деді бұл жөнінде қала әкімі Бақытжан Орынбеков.

Жалпы алғанда Тараз қаласы бойынша бүгінде 5 жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорын бар. Орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы 1730 нысан жылумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ шаһардағы жылу жүйесіне қосылған 1 345 көппәтерлі тұрғын үйлерлер де толығымен жылыту маусымына дайын. 

Сонымен қатар денсаулық сақтау нысандары бойынша әзірлік паспорттары жинақталып, тиісті дайындық жұмыстары жүргізілді. Білім беру мекемелері бойынша да әзірлік паспорттары алынып, 2 нысанның жапсарлас құрылыс және жылыту жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жылу беруші кәсіпорын газ жеткізу қызметі бойынша «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының Жамбыл өндірістік филиалымен келісімшарт жасаған. Бұған қоса кәсіпорындарда резервтік отын қоры ретінде 1815 тонна көмір, 13 279,6 тонна мазут қоры дайындалған.

Енді осы аптадан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беру туралы шешім қабылданды. Ал тұрғынүйлерді жылумен қамтамасыз ету қала әкімінің қаулысына сәйкес, 15 қазанға бекітілді. Онда да егер ауа райы бес күн мерзім аралығында 8 градус немесе одан төмен болатын болса ғана жылу беру басталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде