Қарағандыда 30 килограмнан астам есірткі тәркіленді
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында қала тұрғындарын ұстады. Бұл туралы Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.
Фото: Қарағанды облысының прокуратурасы
11:34 08.10.2024
«Күдікті тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын тінту барысында салмағы 30 килограмнан астам есірткі заттары табылды. Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабаралыд прокуратурадан.
Тергеу барысы Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!