{metadescription}
ШҚО-да егін жинау кезінде комбайн отқа оранды

ШҚО-да егін жинау кезінде комбайн отқа оранды

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында егін жинау кезінде комбайн өртенді. 

Оқиға Алтай ауданы Ермаковка ауылында болған. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Есіл-760» маркалы комбайнда күнбағыс жинау кезінде өрт шықты. Сол жерге өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай жалпы ауданы 20 шаршы метр аумақты құраған қызыл жалын толықтай ауыздықтады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына барынша абай болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде