{metadescription}
Алматыда 57 жыл пайдаланылған жылу құбыры ауыстырылды

Алматыда 57 жыл пайдаланылған жылу құбыры ауыстырылды

Алматыда тозығы жеткен жылу құбыры ауыстырылды.

Алматыда Сүйінбай даңғылы бойындағы Гаршин көшесінен Бекмаханов көшесіне дейінгі аралықтағы құбырды ауыстыру жұмыстары аяқталды. Қайта жөнделген бөліктің ұзындығы 644,5 метр.

Ауыстырылған құбыр 1967 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта 3 көпқабатты тұрғын үй мен 1 жеке үйді жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

«Қалада биыл 20 км жылу желілерін қайта жаңарту көзделген. Алматының 6 ауданында жылыту аралық кезеңге жоспарланған қайта құру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Аумақтарды абаттандыру ауа райына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асады»,- деп атап өтті әкімдіктен.

Осыған дейін Абай даңғылы мен Саин көшесінің батыс бағытында 2 шақырымға жуық құбырдың жаңартылғаны туралы жазған едік. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде