{metadescription}
Каспий жағалауындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақпен 30 тонна су төгілді

Каспий жағалауындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақпен 30 тонна су төгілді

Каспий теңізінің Атырау облысындағы жағалауында жанған қамыс өртін сөндіруге тікұшақпен 30 тонна су төгілді.

Өртті сөндіру әлі жалғасып жатыр. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, кеше, 7 қазанда түсқайта жергілікті өрт сөндірушілер жағалауда жанған қамыс өртін сөндіруді басталған. 

«Кеше, 7 қазанда әуеден аэровизуалды барлау жүргізу кезінде Құрманғазы ауданынан 43 шақырым қашықтықта 5 гектар, осы аудан аумағындағы «Қара пішен» учаскесі тұсында 3 гектар аумақта қамыстың жанып жатқаны анықталды. Сағат 17:00-де «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағының су төгу құрылғысымен өрт ошақтарына 30 тоннадан астам су төгілді», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Қамыс өртін сөндіру үшін өрт сөндіру бөлімдерінен қосымша 24 қызметкер, 1 тікұшақ, жол талғамайтын 1 ТРЭКОЛ көлігі тартылған. 

Өрт сөндірушілер кеше теңіз жағалауындағы 0,5 гектар аумақтағы қамыс өртін тікұшақпен, мотопомпалармен су шашып, сапалақпен ұрғылап, күрепен топырақ шашып сөндірген. Ал, түнгі өрттің елді мекенге қауіп төндірмеуі үшін кезекшілік ұйымдастырылған.

«Бүгін 8 қазанда қамыс өртін сөндіру жұмысы қайта жалғасты. Оған төтенше жағдайлар департаментінен 25 қызметкер тартылды. Оның ішінде 15 қызметкер «Казавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағымен, 10 қызметкері ТРЭКОЛ автокөлігімен оқиға орнына жеткізілді. Қызметкерлер мотопомпамен, сапалақпен және күрекпен жалынды сөндіруге кірісті», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан. 

Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртінен елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Облыс аумағындағы қамыс өрті бақылауға алынған.

Дереккөз: kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде