{metadescription}
Талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты – прокуратура жауап берді

Талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты – прокуратура жауап берді

Талғар қаласының тұрғындары 16 жастағы жасөспірімнің өліміне байланысты наразалыққа шықты.

Алматы облысының прокуратурасы бұл іске байланысты мәлімдеме жасады. Марқұмның туыстарының айтуынша, жанжал жасөспірімнің отбасына тиесілі дүкенде басталған. Сатып алушы сыра алып, ақша төлемеген. Екі арада туындаған кикілжеңнен кейін сатып алушы бір топ адамды шақырып, жасөспірімді соққыға жыққан. 

Жасөспірімнің әкесі ҚР Бас Прокуроры Берік Асыловқа үндеу жасап, тергеу мен соттың ашық болуын талап етті. Алматы облысының Прокуратурасы кісі өлтіру туралы бұл іс ерекше бақылауға алынғанын ресми түрде хабарлады. Сондай-ақ прокуратура мәліметіне сәйкес, қылмыс жасады деген күдік бойынша жеті күдікті ұсталып, 2 ай мерзімге қамауға алынды.

– Осы жылдың 4 қазанында Талғар қаласында төбелес болып, қаланың 16 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан қайтыс болып, екі азамат ауыр дене жарақатын алды. Марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз барлық жағдайларды анықтауға және кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған объективті тергеуге кепілдік береміз. Барлық азаматты осы қылмысқа қатысы бар адамдарды жауапкершіліктен алып тастауға ешқандай әрекет жасалмайтынына сендіргіміз келеді. Тергеуге көмектесетін кез келген ақпараты бар әр адамды прокуратура немесе ішкі істер органдарына жүгінуге шақырамыз, - деп хабарлады прокуратурадан.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде