Алматы полициясы терезесін қараңғылап алған көлік жүргізушілерін анықтап жатыр
Алматыда жергілікті іс-шара өткізіліп жатыр. Қалада жүргізілген рейдтің бірінші күні 50-ден астам көліктің пленкасы алынды, деп жазады Zakon.kz.
Фото: Zakon.kz
14:06 08.10.2024
Тыйым салынған затты пайдаланған жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жол қауіпсіздігіне қатысты заңнамалық талаптарды сақтамау – қайтымсыз салдары бар апаттарға әкелуі әбден мүмкін.
"Жол – қателікті кешірмейді" аксиомасы әсіресе жол қозғалысы ережесін елемейтін азаматтар үшін өзекті. Жол қозғалысына бейқам қатысушыларды анықтау мақсатында полицейлер тұрақты түрде жергілікті жерлерде рейдтер мен мақсатты іс-шаралар өткізеді.
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің жолын кесуге, оның ішінде әйнектерін қараңғылаған көліктерді анықтауға ерекше назар аударылады.
"Тәртіп бұзушы құқық бұзушылықты дереу жоюға міндетті, оның үстінен хаттама толтырылады", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!