Шығыс Қазақстан облысында алаяқ риелторлар ұсталды
ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері нотариус пен риэлторлардың қатысы бар алаяқ риелторлар тобының кәсібін тоқтатты.
Фото: ҚР ІІМ
14:37 08.10.2024
Қылмыстық іс бойынша күдіктілер ішімдікке бейім шығысқазақстандықтардың бірнеше пәтерлерін заңсыз иемденген. Тінту іс шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер әртүрлі жылжымайтын мүлік объектілеріне құжаттар, жеке тұлғалардың дербес деректерін, сондай-ақ іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркілеген.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 60 млн теңгеден асады. Полицияға барлығы төрт күдікті жеткізілді. Олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тексеру жүргізілуде. Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша жүзеге асырылады.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!