{metadescription}
Шымкентте 10 оқушы бұрыш спрейінен уланып қалды

Шымкентте 10 оқушы бұрыш спрейінен уланып қалды

Шымкентте 10 оқушы спрейден уланып қалды.

Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады kazinform.

Оқиға бүгін сағат 12:25 шамасында болды. Жекеменшік «Зере» мектебінің 10-сынып оқушысы ойнап жүріп бұрыш спрейін (перцовый баллончик) терезеге қарата шашқан. Содан өзге оқушылар өздерін жайсыз сезіне бастапты.

«Мектептен 10 оқушы өзінің мазасыз сезінуіне байланысты алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем көмегімен Шымкент қалалық токсикологиялық ауруханасына жеткізілді. Оқыс жағдайдан кейін оқушылар үйіне қайтарылды. Қазір жағдай бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта мектеп ғимараты зарарсыздандырылған. Мектепте оқу процесі 1 ауысымда жүргізілетін болғандықтан, оқу ертең жалғастырылады» - делінген басқарма тарапынан ұсынылған ақпаратта.

Ал, бұрыш спрейін (перцовый баллончик) мектепке әкелген оқушылар алдын ала тергеп-тексеру үшін Тұран аудандық полиция бөліміне заңды өкілдерімен жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде