{metadescription}
Алматыда мопедшілердің қатысуымен болған жол апатында 14 адам қаза тапты

Алматыда мопедшілердің қатысуымен болған жол апатында 14 адам қаза тапты

Алматыда жыл басынан бері мопед жүргізушілері 743 рет жол-апатына ұшыраған. Бұл туралы жол қауіпсіздігі мәселесіне арналған қоғамдық кеңесінде полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров мәлім етті.

Арыстанғани Заппаровтың сөзінше, қала көшелерінде баламалы көлік, мопедтер мен электросамокаттардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен.

Жыл басынан бері мопед жүргізушілері 743 рет жол апатына түскен. Салдарынан 14 адам қаза тапты, тағы 757 адам жарақат алған. Ал самокаттардың қатысуымен 103 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 109 тұрғын зардап шекті, абырой болғанда, қаза болғандар жоқ.

«Мопед пен самокат жүргізушілері жиналатын орындарда 8 мотоэкипаж тұрақты түрде патрульдеу жұмыстарын жүргізеді. 32 мыңға жуық мопедші мен 28 мыңнан астам электросамокат пайдаланушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1700 мопед қойылды. Сондай-ақ, 100-ден астам ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапқа тартылды», - деді Арыстанғани Заппаров.

Қалалық полиция басшысының айтуынша, жыл басынан бері шаһар жолдарында 3 420 483 жол ережесін бұзу дерегі анықталған. Оның екі мыңға жуығы көлікті мас күйінде басқарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде