{metadescription}
Талғардағы жасөспірімнің өлімі: полиция бейнебақылау камерасына қатысты мәлімдеме жасады

Талғардағы жасөспірімнің өлімі: полиция бейнебақылау камерасына қатысты мәлімдеме жасады

Алматы облысының Полиция департаменті камераға түсіп қалған.

Талғардағы жанжалдың бейнежазбалары жойылды деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз», - деп атап өтті ведомстводан. 

Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазба зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

«Тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз. Бейненің бар екені туралы ақпаратты растау ретінде постқа скриншот қоса беріледі», - делінген хабарламада. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде