{metadescription}
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ұлытау облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ұлытау облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың қарауына облыс әкімі лауазымына Дастан Рыспеков пен Ұлантай Үсеновтің кандидатураларын ұсынды. Ашық дауыс беру нәтижелеріне сәйкес 64 депутаттың 49-ы Дастан Рыспековтің кандидатурасын қолдады, 15 депутат өз дауыстарын Ұлантай Үсеновке берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Дастан Адайұлы Рыспековті Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Премьер-Министр облыс активімен кездесуде Берік Әбдіғалиұлына өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, жаңа әкімді таныстырды. 

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Ұлытау облысы басшылығының алдында экономиканы әртараптандыру, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестициялық ахуалды жақсарту, инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ экология мәселелерін шешу, көлік және туристік әлеуетті барынша дамыту бойынша маңызды міндеттер қойғанын атап өтті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде