{metadescription}
Қарлы дауыл туралы ескерту жарияланды

Қарлы дауыл туралы ескерту жарияланды

Моңғолияның Метеорология және қоршаған ортаны бақылау институты сейсенбі күні қарлы боран туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі. 

Синоптиктердің болжамынша, 8 қазанға қараған түннен бастап батыс, орталық және Гоби аймақтарында, 9 қазанда елдің шығыс облыстарында қарлы боран соғып, кейіннен Моңғолия аумағының басым бөлігінде қар жауады. 

Желдің жылдамдығы 14-16 м/с дейін күшейеді деп болжанып отыр. Метеорология және қоршаған ортаны бақылау институты қарлы боранға және ауылдық жерлерде жолдың көрінбеуіне Ұлан-Батор тұрғындарын аймақтарға сапарға шықпауға, ал моңғол көшпелі малшыларын жайылымдық жерлерде мал бағуда қырағы және сақ болуға шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде