{metadescription}
Алматы облысында мерзімі өткен 21 мың газ баллоны пайдаланылған - ТЖД ескерту жасады

Алматы облысында мерзімі өткен 21 мың газ баллоны пайдаланылған - ТЖД ескерту жасады

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке сектор тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Александр Пархоменко жылыту маусымы басталғанда өрт және газбен байланысты оқиғалар саны артатын айтып, бұл кезеңде қауіпсіздік шараларын ерекше сақтау маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, жыл басынан бері облыста 613 өрт тіркелсе, оның 379-ы тұрғын үй секторында болған. Оқиғалар салдарынан 14 адам қаза тапты.

– Жылыту маусымында негізгі қауіптер қатарында пештерді дұрыс пайдаланбау мәселесі тұр. Пештерді қараусыз қалдыруға, балаларға сеніп тапсыруға, сондай-ақ тұтатқыш ретінде жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды, - деді ол. 

Сонымен қатар мамандар газбен байланысты жағдайларға да назар аударған жөн екенін ескертті. Биыл облыста 7 газ-ауа қоспасының жарылысы тіркеліп, нәтижесінде 5 адам жарақат алған және 1 адам қаза тапты. Мұндай жағдайлар қыс мезгілінде газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан туындауы мүмкін. 

– Облыс аумағында мерзімі өткен 21 мыңға жуық газ баллондары әлі де пайдаланылып жүр. Бұл мәселе, әсіресе, ауылдық жерлерде өзекті, себебі бұл аудандарда әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар жиі кездеседі, - деді Алматы облысының өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары Қанат Есболғанов. 

Төтенше жағдайлар департаменті мамандары өрттің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарапайым ережелерді сақтауға шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде