{metadescription}
Талдықорғанда халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

Талдықорғанда халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

Жетісу облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің және ҚР ҚАЖК-нің үйлестіруімен мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталған адам - Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес иемдену немесе жымқыру арқылы ұрлық жасады деген айыппен өз елінде іздеуде жүрген 20 жастағы ер адам. Оған 2023 жылдың 29 желтоқсанында Ташкент облысының Бас ішкі істер басқармасы іздеу жариялаған.

Күдікті Өзбекстаннан шығып, Қазақстанға келген. Шымкент қаласында жасырынып жүріп, көп ұзамай 2024 жылы Талдықорғанға көшіп келіп, аспаздың көмекшісі болып жұмысқа орналасқан. 

Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қамауға алынған күдіктіні Өзбекстанға экстрадициялау туралы мәселе қаралуда, онда ол сот алдында жауап береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.