{metadescription}
Ақтөбеде 14 жастағы қыз екі ағасын зорлық-зомбылық жасады деп айыптады

Ақтөбеде 14 жастағы қыз екі ағасын зорлық-зомбылық жасады деп айыптады

Ақтөбеде 14 жастағы қызды туыстары бірнеше жыл бойы зорлап келді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақтөбелік 14 жасар қыздың анасы «NeMolchiKZ» қорының қауымдастығына үндеу тастады. Айтуынша, қызы соңғы уақытта тұйықталып, депрессияға түскен. Барлығы 23 қыркүйекте белгілі болды. Жасөспірім жеңгесіне сырын ақтарған. Яғни, ағалары 8 жасынан бастап зорлап келгені туралы айтқан. Қаладағы емханалардың бірінде медбике болып жұмыс істейтін анасы қазіргі кезде жұмысқа бара алмай, балаларын қарап отыр. Себебі сот күдіктілерді үйқамаққа жіберген.

«Полиция департаменті бопсалау және зорлық-зомбылық фактілерін тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Іс бойынша процестік прокурор тағайындалды. Оның қатысуымен барлық тергеу әрекеттері жүргізілуде. Екі күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Санкциялық шара тағайындау кезінде сот күдіктілердің жеке басының мінездемесін, бұрын сотталмағанын, кәмелетке толмаған балаларының және тұрақты мекенжайының болуын ескере отырып, үйқамақта ұстау туралы шешім қабылдады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі күдіктілердің 2 ай үйқамаққа жіберілгенін растады. Тергеу жүріп жатқан кезде өзге ақпарат жарияланбайтынын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.