{metadescription}
Жаңбыр, бұршақ, боран: Еліміздің басым бөлігінде күн бұзылады

Жаңбыр, бұршақ, боран: Еліміздің басым бөлігінде күн бұзылады

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 10 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын, оңтүстікте, шығыста, елдің орталығында жаңбыр түрінде, кейде қатты жаңбыр, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі.

Елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР бойынша желдің күшеюі күтіледі, батыста, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.

«Павлодар облысында, батысында, солтүстігінде, Абай облысының орталығында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында,Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Ақтөбеоблысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады», — деп жазды синоптиктер.

Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырауоблысының батысында, солтүстігінде, Жамбылоблысының солтүстік-батысында, Қостанайоблысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстаноблысының батысында, оңтүстігінде, Абайоблысының Үржар ауданында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматыоблысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде