{metadescription}
Талғар маңында түнгі уақытта тағы жанжал шықты

Талғар маңында түнгі уақытта тағы жанжал шықты

Әлеуметтік желіде Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында жанжал болғаны туралы ақпарат тарады. Алматы облысының Полиция департаменті бұл дерек бойынша түсінік берді.

Желідегі мәлімет бойынша, Тұздыбастау ауылындағы «Бастау» кафесінің алдында белгісіз адамдар арасында атыс болған. 

Алматы облысының Полиция департаменті кикілжіңге қатысқан күдіктілер ұсталғанын хабарлады.

— Бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы полицияға жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде