{metadescription}
Түзеу мекемесінің қоршауынан ұялы телефонды лақтырып өткізбек болған ақтөбеліктер ұсталды

Түзеу мекемесінің қоршауынан ұялы телефонды лақтырып өткізбек болған ақтөбеліктер ұсталды

Ақтөбеде Ұлттық ұлан сарбаздары түзету мекемесінің қоршауын жағалап, әлдебір зат лақтыруға оқталған адамдарды ұстады. Олардың бірі сарбаздармен төбелесіп те қалған.

Оқиға 8 қазан күні кешкілік уақытта болды. Қылмыстық-атқару жүйесі №8 мекемесінің қауіпсіздігін күзетіп жүрген Ұлттық ұлан жауынгері қатардағы Максим Ким 6 адамның аула жағалап жүргенін көреді. Олар бір сәт аялдап, қоршау арқылы әлдебір зат лақтырмақ болады. 

- Маған бейтаныс екі адам таяп келді. Өз аты-жөнімді айтып, күзетілетін мекемеге жақын баруға болмайтынын ескерттім. Бірден рацияға екі адамның жақын келгенін айтып, хабар бердім. Артымнан тағы төрт адам келіп, олар қоршауға қарай жүрді. Мен соңынан жүріп, жақын жерде жүрген сарбаздарға хабар бердім. Сол жерде төбелес болып, біреуін ұстап алдым. Өзгелері жабылып, сытылып кетуге оқталғанымен, менің жаныма кезекшілікте жүрген өзге сарбаздар келді. Біз бірін ұстап алып, полицияға тапсырдық. Мен өз әскери борышымды өтедім деп ойлаймын,- деді Максим Ким. 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған адамды тінту барысында қалтасынан екі ұялы телефон және екі SIM карта табылды. Тәркіленген заттарды анықтау және одан әрі процессуалдық шешім қабылдау үшін барлық материал әкімшілік сотқа жіберілді. Ал «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Бекайдар Қазкеев жауынгерлік қызмет барысында қырағылық танытқан сарбаздарды марапаттап, оларды қысқа мерзімді демалысқа жіберді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде