{metadescription}
Бақшасында қарасора өсірген Тараз тұрғыны ұсталды

Бақшасында қарасора өсірген Тараз тұрғыны ұсталды

44 жастағы Тараз тұрғынына қатысты құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдіктіні «Қарасора-2024» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрықтады. 

Сондай-ақ сарайдан «кептірілген марихуана» есірткі заты бар полиэтилен пакет және кептіру үшін кесіп дайындап қойған 90 түп қарасора бұтасы табылды. Бақшадан тағы 8 дана өсіп тұрған қарасора бұталары табылды. Алынған есірткі затының жалпы салмағы 44 келі 800 грамды құрады.

«Ер адам қарасораның бұталарын өсіріп, кептіріп, пакеттерге орап қойған. Ұсталған адам наркологиялық диспансерде есепте тұрады. Бұрын сотты болған. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабеков.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде