{metadescription}
Қостанай облысында жер үйде бес бала өртеніп кетті

Қостанай облысында жер үйде бес бала өртеніп кетті

Қостанай облысында өрт сөндірушілер оқиға орнынан бес баланың денесін тапты.

Қайғылы оқиға түнде болған. Үй шатыры опырылып құлаған кезде онда ересектердің қарауынсыз қалған 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған балалар болған. Өкінішке қарай, үйінділерді тазалау кезінде бес баланың денесі табылды. 2011 жылы туған балалардың үлкені зардап шеккен жоқ.

«Бүгін сағат 04:29-да Жітіқара қаласындағы жеке шаруа қожалығының аумағында өрт шығып, салдарынан тұрғын үйдің шатыры опырылып түсті. Құтқарушылар оқиға орнына 7 минут ішінде жетті, үй толығымен өртке оранды. Жалын сағат 06:08-де ауыздықталып, толығымен сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін танысына кеткен. Күйеуі түрмеде отыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Өрт-техникалық зерттеу тағайындалды. Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологтары туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетуде.

Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті көмек көрсетеді. Облыстық прокуратура бұл істі ерекше бақылауға алды. Олар сотқа дейінгі тергеу басталғанын, өрттің алдын ала себебі – үйдегі пештің қараусыз қалғанын мәлімдеді.

Оқиға орнында облыс прокурорының бірінші орынбасары Бауыржан Бекбосынов жүр.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде