{metadescription}
Қазақстан мен Аустрия арасындағы тікелей рейс қашан ұша бастайды

Қазақстан мен Аустрия арасындағы тікелей рейс қашан ұша бастайды

Қазақстан мен Аустрия арасындағы тікелей рейс 2025 жылдың көктемінде іске қосылмақшы.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлім етті. Қазақстан-Аустрия Іскерлік кеңесінің 9-шы отырысын өткізу кезеңінде ҚР Көлік Вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның құрамында СКАТ авиакомпаниясының Вице-президенті Владимир Сытник пен ҚР Аустриядағы елшілігінің өкілдері Аустрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесулері өтті.

Кездесулер барысында Қазақстан мен Аустрия арасында 2025 жылдың көктеміне жоспарланған СКАТ әуекомпаниясының аптасына 2 рет жиілікпен тікелей рейсін ашу, сондай-ақ туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелері талқыланды. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде