{metadescription}
Алматыда Қазыбек би көшесі уақытша жабылады

Алматыда Қазыбек би көшесі уақытша жабылады

Қазыбек би көшесінің бір бөлігінде жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты қозғалыс шектеледі.

«Алматы жылу желілері» мекемесінің мәліметінше, 11 қазан сағат 13:00-ден 12 қазан сағат 13:00-ге дейін Алматының Медеу ауданында Назарбаев даңғылынан Төлебаев көшесіне дейінгі Қазыбек би көшесінде көлік қозғалысы екі жаққа да жабылады.

«Магистральдық құбыр желісінде жөндеу жұмыстарын жүргізуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеу енгізіледі. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деп «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Осыған дейін ауылшаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскедегі Сәтбаев көшесінің бір бөлігі 11 қазан сағат 20:00-ден 13 қазан сағат 20:00-ге дейін жабылатыны туралы жазған едік. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде