Астана әуежайында автотұрақ бағасын көтеруге тыйым салынды
Астана бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің ескертуінен кейін елорда әуежайы ақылы тұрақ аймақтарында бағаны көтеруден бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: unsplash
13:01 11.10.2024
"Астана бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-на бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескерту жасады", - деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін әуежайдың ресми Instagram-парақшасында ақылы тұрақ аймақтарында тарифтердің көтерілетіні туралы ақпарат жарияланған болатын
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!