{metadescription}
Ақтөбеде алимент төлемеген 6 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды

Ақтөбеде алимент төлемеген 6 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды

Ақтөбеде 2 мыңға жуық борышкер әке баласына алимент төлеуден жалтарып жүр. Биыл 6 борышкер қылмыстық жауапқа тартылып, оларға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасында 16 мың атқару өндірісі бар. Оның 10 мыңға жуығы Ақтөбе қаласына тиесілі. Соның ішінде 8 мыңнан астамы алимент берешегімен байланысты құжат.

- Тізімге енген 1900-ден астам адам алиментті дұрыс төлемейді. Биыл сот актісі талабын орындамағаны үшін 538 борышкер әкімшілік жауапқа тартылды. Нәтижесінде 389-ы қамауға алынды, қалғаны айыппұл төледі. Биыл жыл басынан бері 20-дан астам бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Ол кезде 280 борышкер жұмысқа орналасты, - деді сот орындауышысы Нұрлан Зейнеғалиев.

Ақтөбедегі алимент өндіру кеңсесінде 15 сот орындаушысы жұмыс істейді. Биыл олар прокуратура және полициямен бірге қылмыстық жауапқа тарту ұсынысын да берген.

- Жыл басынан бері 19 борышкерді қылмыстық жауапқа тарту ісі жолданды. Барлығы 6 борышкерге қатысты іс сотқа жолданды. Борышкерлерге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Қоғамдық жұмысқа тартылып жатыр,- деді Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Қайрат Танқаев.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.